Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көнеден қалған асыл мұра" көрмесі ашылды

"Көнеден қалған асыл мұра" көрмесі ашылды

С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 18 мамыр-Халықаралық музейлер күніне орай Алматы облысы Есік археологиялық өлкетану музейінің суретші-реставраторы Рахметов Әділхан Нәдірбайұлының «Көнеден қалған асыл мұра» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрмеге әр өңірдің археологиялық қазба зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылып, қайта қалпына келтірілген жәдігерлер мен суреттер қойылды. Атап айтсақ: «Елеке сазы» қорғанынан  табылған елік бұғы бейнесіндегі әшекей бұйымдары мен жаңа тас ғасырына тән  тас  құралдары, дән үккіштер және қола дәуірі кезеңінің  моншақтары, т.б. тың дүниелер көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге қала тұрғындары, тарихшы археолог мамандар, суретшілер және   ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысып, өзара пікір алмасты .
Көрме 16 мамыр мен 15 маусым аралығында жалғасады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 мамыр 2025 ж. 53 0