Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы халықаралық марапатқа ие болды

«Бұл марапат – бүкіл кәсіби ортаның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қазақстан МЖӘ тетіктерін халықаралық стандарттарға сай жетілдірумен қатар, цифрлық технологияларды тиімді енгізу арқылы саланың сапалы дамуына жол ашып отыр», – деді «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин.
✅Орталықтың мәліметінше, 2006 жылдан бері елімізде жалпы 2,6 трлн теңге сомасына 1100-ден астам келісімшарт жасалған. Жобалардың негізгі бағыттары – білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы болып табылады. Бұл ретте рәсімдердің ашықтығына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға баса назар аударылып отыр. Жобаларды конкурстық іріктеу үшін веб-портал іске қосылып, тікелей келіссөздер жүргізу тәжірибесіне шектеу қойылды, МЖӘ және концессиялар туралы заңдар біріктірілді. Жобаларды жүзеге асыру саны бойынша Түркістан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары көш бастап тұр.
✍