Еліміздегі 2 мектепке халықаралық мәртебе берілмек
Еліміздегі 2 мектепке халықаралық мәртебе берілмек. Үкіметтің тиісті қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылына арналған жаңа қабылдауды ескере отырып, жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қосымша қажет соманы айқындаған еді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы 677 жекеменшік мектепте 251,3 мың оқушыны қамтып, 2024 жылы республикалық бюджеттен 133,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
«Оқу-ағарту министрлігі комиссия отырысының шешімі негізінде «Школа 21 века» ЖШС мен «CA GARDEN SCHOOLS» ЖШС білім беру ұйымдарына «Кейбір білім беру ұйымдарына Халықаралық мектеп мәртебесін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және «Школа 21 века» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «CA GARDEN SCHOOLS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Халықаралық мектеп мәртебесін беруді көздейді», – деп атап өтеді Оқу-ағарту министрлігі.Ведомство мәліметінше, аталған білім беру ұйымдары Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларында белгіленген Халықаралық мектеп мәртебесін беру критерийлеріне сәйкес келеді.