Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев Арменияның қамауда отырған экс-президентіне хат жазды

Назарбаев Арменияның қамауда отырған экс-президентіне хат жазды

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның қамауға алынған бұрынғы басшысы Роберт Кочарянға хат жолдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Назарбаев Арменияның екінші президентіне Қазақстанда болып жатқан белгілі саяси өзгерістер мен процестер туралы баяндаған."Бірге жұмыс істеген жылдарды жылылықпен еске алатынын атап өтіп, Кочарянмен байланысты жалғастыруға үміттенетінін білдірген", - деп хабарлады экс-президенттің кеңсесі.
Былтыр жазда Кочарянға 2008 жылы 1 наурызда Арменияда конституциялық құрылымды күштеп құлатпақшы болды деген айып тағылған болатын. Сол кезде ол екі айға қамауға алынды. Алайда Еревандағы апелляциялық сот тиісті шағымнан кейін Кочарянды босатып, қамауға алу туралы шешімнің күшін жойды. Желтоқсанда экс-президент тағы да қамауға алынды.
Бірінші инстанциядағы сот Кочарянды қамауда ұстау мерзімін 18 қаңтарда және 15 наурызда екі рет екі айға ұзартты.
Ақпан айында Арменияның тергеу қызметі "конституциялық құрылымды күштеп құлату" туралы іс бойынша алдын ала тергеуді аяқтағанын мәлімдеді. Осыдан кейін бұрынғы басшыға аса ірі көлемде пара алды деген де айып тағылды.
Роберт Седракович Кочарян – Арменияның екінші президенті, елді 1998 жылдың 30 наурызынан 2008 жылдың 9 сәуіріне дейін басқарды.
15 сәуір 2019 ж. 830 0