Бағыты айқын басылым
Осы өңірде жарық көрген «Толқын» газетінің құрылғанына 95 жыл толды. 1930 жылдан бастап сол аймақтың әлеуметтік- экономикалық, мәдени және саяси жағдайын жұртшылыққа жеткізу мақсатында қызметін бастаған газет бүгінде ақпарат айдынынан айшықты орын алған аға басылым. Бұл газет тек қана ақпараттық құрал емес, сондай - ақ мұң мұқтажын, мәселелерін көтерген, қорғаныс құралы болған.
Газеттің шығу тарихы да осы аймақтың мәдениетіне және халықтың ой санасын қалыптастыруға ықпал етті. Бұл газеттің негізгі мақсаты - аймақ тұрғындарының қажетті ақпарат алуын қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамның өзекті мәселелерін көтеру болды.
Айта кету керек, біздің Арал өңірі экологиялық апат аймағына айналғандықтан, халықтың бұл газеттің мазмұнын аса қажетті құрал деп қабылдауы түсінікті. Құрғаған Арал теңізі, аймақтағы экологиялық дағдарыс пен оның адамдарға тигізген әсері газет бетінде жиі көтеріліп отырды. Газеттің негізгі бағыты ретінде халықтың әлеуметтік мәселелері, ауыл шаруашылығының дамуы, жастар мәселелері де ұстанымдық орын алды. Газет халықтың қоғамдық өміріне белсене араласып, тұрғындарды жаңалықтармен таныстырып отырды. Бұл басылым Арал өңіріндегі оқырмандар үшін маңызды ақпарат көзі болды.
Газет көбінесе Арал теңізінің экологиялық апатынан туындаған мәселелерді көтеріп келеді. Бұл, әсіресе, экологияның бұзылуы, ауыз су тапшылығы және балық шаруашылығының құлдырауы сияқты сұрақтарға қатысты болды.
Сонымен қатар, газет халықтың әлеуметтік жағдайын, ауыл шаруашылығындағы қиындықтарды, жұмыссыздық мәселелерін және халықтың тұрмысын көтерді. Айқын түрде ауыл тұрғындарының әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы мәселелері кеңінен талқыланды.
Айдынды Арал шежіресі мәдениет және білім саласындағы жетістіктер мен проблемаларды да назарға алды. Бұл орайда жергілікті мектептердің жағдайы, жастардың білім алу мүмкіндіктері, мәдени шаралар мен қоғамдық өмірдің дамуы туралы мақалалар жарияланды. Газет жергілікті басқару, саяси тұрақтылық, азаматтық құқықтар және демократиялық процестер мәселелерін де көтеріп, халықтың пікірін білдіру алаңы болды.
«Толқын» газеті айдынды Аралдың бай тарихы мен мәдениетін насихаттауға, сондай - ақ өңірдің қазіргі жағдайы мен даму мәселелерін көтеруге белсенді түрде атсалысады.Бүгінде «Толқын» газеті заман талабына сай ақпарат таратып, Арал өңірінің рухани және тарихи мұрасын сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.
Нұрбану ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
№72 орта мектебінің оқушысы