ТЕҢІЗБЕН ТАМЫРЛАС «ТОЛҚЫН»
Газет – бұл тек ақпарат құралы емес, ол қоғамның айнасы, уақыттың тыныс алу жүйесі. Ол әр оқырманды, әрбір кезеңді, оқиғаны тіркейтін тірі организм іспеттес. Әр бетінде – таңның атуымен басталған жаңа күннің, әр кештің мазмұнды шежіресі. Газетте жазылған жол, сөз – халықтың ойы мен сезімі, күрес пен үміттің көрінісі, өмірдің айқын бейнесі. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демей ме?! Аханның дәлме-дәл баса айтқан тұжырымы – газет дейтін дүниенің негізі болмақ. Газет – қоғамның өзгеруіне, алға ұмтылуына ықпал ететін күш, адамдардың сана-сезімін оятатын үн.
Адамзат тарихының соңғы екі ғасырлық уағында жаңбыр жаумай, егін шықпай қалған күндер болғанымен, жаңалықтың жаршысы – газеттің шықпай қалған күні жоқ. Ел болып бас көтерген шақтан бері тіл жанашырлары Міржақып, Мұхамеджандай алыптардың ұлт мүддесі мен құндылығын газетпенен ұлықтағаны мәлім. Кешегі «Қазақ», «Айқап», «Ақжол», кейінгі «Социалистік Қазақстан» сынды баспа беттері қоғамды есті етіп, ұдайы ақпаратпен сусындатқан еді. Дәуірдің өзекті мәселелерін көтеріп, қоғамының қалыптасуына, бүгінгі қазақ журналистикасының іргетасының қалануына арқау болатын баспасөз құралдары бірінен соң бірі жарық көрді. Сондай «өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» болатын газеттің бірі – теңізбен тамырлас тағдырға ие «Толқын» газеті.
Аралдың асау толқындарымен қатар 1930 жылы "Екпінді балықшы" баспасы – газет дейтін шексіз әлемнің есігін ашты. Толқыны адамша тіл қатып, сыр ақтаратын Аралдың тұсында қызмет қылған еңбекші жетістіктері мен елеулі оқиғалар мол деседі. Тәй-тәйлаған газеттің алғашқы редакторы, сөз өнерінің майталманы Әуелбек Қоңыратбаев болды. Кейіннен редакцияға Т.Елемесов, Ә.Байтақанов, Қ.Сәрсенбаев, Қ.Қарабалин, Т.Нұржанов, Ж.Шәукебаев, Ә.Жанзақов, Е.Әбілов, Т.Тәжіков, М.Сәрсенов, С.Ермағанбетов, Ж.Әбдіраман, Ж.Жақып, Ш.Жылмағанбетов басшылық етті. Аралдың сырлы шежіресі әу бастан-ақ халыққа ұсынылып, аудандағы бірқатар саяси мәселелер мен жаңалықтар жарияланды. Теңізде туып, теңізде өскен перзенттер Ш.Сариев, Ә.Нұрпейісов, Ж.Әбдірашев сынды қаламгерлер газетке жарыса жырлар жазды. «Екпінді балықшыдан» бастау алған баспасөз құралы бір кездері «Социалистік Арал» деп аталса, кейіннен «Толқын» деген еңселі атты еншіледі.
Сонау күнгі Аралымыздың ғасырлық тарихы, ежелгі шежіресі газет ғұмырымен жалғасып келеді. Ел боп қалыптасуға дейінгі қуаныш пен қайғы да, жеңіс те дәл осы газетпен бірге жүрді. Қарапайым ақ қағаз, қара сияның жүзінде өмір, із, тағдыр бар. Тартылған теңіз арнасын осы бір қара сия толтырып тұрғандай күй. Қазір бұл газет өміріміздің бір бөлшегіне айналған. Ғасырға жуық уақытты еңсерген «толқынымыздың» бүгінгі алар орны ерекше. Оның маңызы мен мәні жайлы тереңірек ұғыну үшін «Толқынның» ізімен жүріп өтіп, елеулі еңбек еткен Абай Елеш ағайымызбен сүбелі сұқбат жүргіздік:
– Сіз қызмет еткен жылдардағы газеттің мақсаты қандай еді?
– Мен 16-шы редактор ретінде басылым тарихында қалдым. 2018 жылы облыс әкімдігінің және «Сыр медиа» басшылығының келісімімен бас редактор болып тағайындалдым. Есептесем жеті жыл газет тізгінін ұстаппын. Кеңес дәуірі кезінде редакцияның бәсі биік-тұғын. Өткен күнде белгі бар демекші, оны сарғайған газет беттерінен аңғарамыз. Аудан айнасына баланған «Толқын» газеті қоғамның күнгейі мен көлеңкесін әрқашан өзіне міндеттелген жұмыс аясында атқарды.
– Сіздің тұсыңызда газет көмегімен қандай мәселелер нәтижелі болды?
– «Толқын» газеті бірнеше өзекті мәселерді көтерді. Атап айтсақ, көліктің көптігін айтып, көпір қажеттігін қозғағанымызда темір жол үстімен көпір салу мәселесі шешілді. Сондай-ақ, жер бетіндегі ақтаңдақ сорларды көму жайы да «Толқынның» басты назарында тұрып, оң нәтижеге қол жеткіздік.
– Бүгінгі «Толқын» туралы не айтасыз?
– Аудандық деген «статусымыз» айтып тұрғандай жергілікті дербес бөлімдердің көкжиегін кеңейтуге, ауданда оң имидж қалыптастыруға күш саламыз. Интернет иірімі үлкен-кішіні өзіне тартатындықтан, бүгінгі салынған жаңалық көзді ашып жұмғанша халық құлағына жетеді. «Толқын» газеті бүгінгі күні сол көштің бел ортасында. Әлеуметтік желідегі оқырмандарымыз күн санап артып жатыр.
– Газет болашағы туралы не ойлайсыз?
– Газет болашағын «Ана тілі» газетінде берген сұхбатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындап берді. Президент өз сөзінде ұлттық басылымдар өміршеңдігін қай уақытта да жоймайтынын еске салды.
Мінеки, газет, яғни басылымдар құнын жоғалтпайды, жоғалмайды да. Ауданымыз жайлы теңіздің асау толқынындай жазатын газетіміздің ғұмыры әрдайым ұзақ болғай! «Толқын» газетін 95 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, ғасыр тойын тойлауды нәсіп еткей деп тілейміз!

Гүлбақыт ІЗДІБАЙ,
№220 орта мектебінің оқушысы
№220 орта мектебінің оқушысы