Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді
15 маусым күні сағат 12:04-те Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Жалал-Абад облысындағы Тақталы жотасының таулы аймағында орналасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағындағы Тақталы жотасында, Көк-Бел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым, Кетмен-Төбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым және Тоқтоғұл аудан орталығынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 балды құрады.
Қырғызстанның елді мекендерінде сезілген жер сілкінісінің қарқындылығы Көк-Бел ауылында 2,5 балл болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.
istockphoto.com










