Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша cағат 11:27-де жер сілкінісі тіркелді.

Қырғыз Республикасы ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл, магнитудасы Mpv=3,3, энергетикалық класы К=8,0 болды.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Куршаб ауылынан солтүстік-батысқа қарай 3 км, Мырза-Арық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км, Өзген қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км, Жалал-Абад қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 31 км, Ош қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде орналасқан.

Куршаб ауылында жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балл болды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: egemen.kz
05 маусым 2024 ж. 499 0