Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зағипа Балиева кімдердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек екенін айтты

Зағипа Балиева кімдердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек екенін айтты

Мүгедек бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 18 жастан кейін де қалдыру керек. Депутат Зағипа Балиева осылай дейді.
Бүгін Сенатта мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау мәселесі қаралды.
Сондай-ақ, Балиева жарымжан бала бағып отырған ата-аналардың зейнетке шығу жасын қысқарту керегін де айтты.
Бүгінде Қазақстанда 18 жасқа дейін 87 мың мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олар үш топқа жатады. Жүйке жүйесі аурулары, туа біткен ауытқулар мен психикалық жағдайлар үлесі 63,3 мың. Есту қабілеті бұзылған балалар саны 4,5 мың, көру қабілеті бұзылғандар 4,5 мың, жүріп-тұруында қиындығы барлар 28 мың.
Депутат елде кәсіби психолог жоғын айтты.
Зағипа БАЛИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «Nur Otan» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Дайын кәсіби психологтар жоқ. Мәскеу мектебі, Петербор мектебі бар. Бірақ Қазақстан қоғамына бейімделген мамандар жоқ. Білім министрлігі осыған назар аудару керек. Ғалымдар бар, ғылыми жұмыстар жазылады. Психиатор бар. Бірақ психологтар жоқ. Біз балалар суициді бойынша үшінші орындамыз.
17 сәуір 2019 ж. 1 205 0