Ауыл шаруашылығы саласы жүйелі даму үстінде

- Ауыл шаруашылығы - қаламыздың экономикалық құрылымындағы маңызды саланың бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл 8 695 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл - күріш 3 454 гектарға орналастырылды. Көктемгі дала жұмыстарына 154 дана ауыл шаруашылығы техникасы тартылып, науқан ойдағыдай өтті. Мемлекет тарапынан 269 тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруалар 100 пайыз тыңайтқыш және гербицидпен қамтамасыз етілді. Бұл - жергілікті егіншілердің уақытылы әрі сапалы жұмыс жүргізуіне зор мүмкіндік берді. Бүгінде бұл салада бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Агроөнеркәсіп саласының әлеуетін арттыру, өнім көлемін ұлғайту және заманауи тәсілдерді енгізу - біздің негізгі мақсатымыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді шаһар басшысы.


