Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Қызылордада көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша биыл 183,1 мың гектарға егiс егу межеленген.
Қазіргі таңда, облыста 30,0 мың гектарға жуық күріштен басқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 42157 гектар ескі жоңышқа мен 4142 гектар күздік бидай күтімге алынды.
Бүгінде қала және барлық аудандарда негізгі дақыл күріш себу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда, 37 835 гектарға дән себіліп, 27 738 гектары суға бастырылды.
Айта кету қажет, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты шаруашылық құрылымдары күріш егу жұмыстарына ерте кірісті.
Нәтижесінде күріш егу өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,8 мың гектарға, суға бастыру 11,8 мың гектарға алда келеді. Осыған сәйкес, облыста күріш егу жұмыстарын 30 мамырдан кешіктірмей аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында биылғы жылы соя дақылын 290 гектарға, қант құмайын 200 гектарға, 60 гектарға жеміс-жидек, жүзім отырғызу және су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы барлығы 200 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межеленген.
Бүгінгі таңда, 59 гектарға жеміс ағаштары және 1 гектарға жүзім отырғызылып меже толығымен орындалса, 80 гектар қант құмайы және су үнемдеу технологиясымен 101 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Облысқа 2020 жылдың көктемгі дала және егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген арзандатылған дизель отыны белгіленген операторлар арқылы облысқа жеткізіліп, шаруашылықтарға әр литрі 162 теңгеден таратылуда.
Ауыл шаруашылығы техникалары толықтай дайындалып, егіс егу науқанына қатысуда.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында облыстың машина-трактор паркі тұрақты жаңарып келеді.
Жалпы соңғы 5 жылда 25,5 млрд. теңгеге 1049 дана жаңадан ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып машина-трактор паркі 23,7%-ға жаңарды.
Биылғы жылы да облыстың шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 5,0 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлап, бүгінгі күнге 1,3 млрд теңгеге 20 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
10 мамыр 2020 ж. 691 0