Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит

Жетісайдағы жауыздық: Үш қыздың әкесі – салафит

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жетісай қаласында орын алған сұмдық оқиғаға байланысты жаңа деректерді келтірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өгей шешесінен азап көрген апалы-сіңлі үш қыздың туған анасы шындығын айтыпты. Оның айтуынша, қыздардың әкесі салафит ағымына кіріп кеткен екен.
"Қыздардың туған анасы өз шындығын айтты.
Әкесі салафи ағымына кіріп, күнде ұрып соғып отырғанын да жеткізді. 
Қыздарды тастамайтын едім, "ол мені мәжбүрледі, үйден қашуыма итермеледі" деп жылап отыр.
Әркімнің өз шындығы бар!
Мен ешкімді ақтамаймын!
Мен тек қыздарды мына қатыгез жауыздардан оқшаулау керек екенін түсіндім. Мемлекет өз бақылауына алып, қыздарды бейімдеу, оңалту орталығына жатқызу керек. Қыздармен педпсихологтардан бөлек, психиатрлар жұмыс жасауы керек!
Маған үш қыздың қауіпсіздігі керек. 
Бұл өмірде ақшадан да құнды дүние бар екенін түсіну керек. Ол – балалардың тыныш өмірі!" - деп жазады Айгүл Орынбек.
www.qamshy.kz
19 сәуір 2019 ж. 2 052 0