Облыста әлеуметтік қолдау ауқымы артып келеді

– Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірлік жұмыспен қамту жол картасы аясында биыл 46 560 жұмыс орнын құру жоспарланып, 7 айда 20 744 жұмыс орны ашылды. 5 942 адам бос жұмыс орындарына орналастырылып, 10 403 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Одан бөлек, Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын» құру тапсырмасына сәйкес 1988 жұмыс орны ашылды. Биыл инватакси қызметін іске асыратын 67 автокөлікке 268,9 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 1500-ден астам адам осы қызметті пайдаланды. Жыл басынан бері 3 708 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, отбасыларындағы бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 5 920 балаға қосымша төлем төленді. Сонымен қатар, бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 5 242 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Айта кету керек, облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, төленетін болады,- деді Ғабит Жұмабекұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі