Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржылық қауіпсіздікті арттыру бағытында семинар өтті

Қаржылық қауіпсіздікті арттыру бағытында семинар өтті

Кеше руханият орталығында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен алаяқтардан зардап шегу қаупі жоғары осал топтар үшін қаржылық қауіпсіздік сауаттылығын арттыру бағытында арнайы семинар өтті.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес арнайы қатысып, сала мамандарымен бірге қоғамдағы өткір әрі өзекті мәселе төңірегінде арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинарда алдымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Кеңесұлы Заң мен тәртіп қағидасын басшылыққа алып, аудан тұрғындарының қаржылық қауіпсіздігін арттыру, интернет алаяқтық, қаржы пирамидалары мен құмар ойындардың зияны туралы маңызды мәлімет беру уақыт талабы екенін алға тартты. Сондай-ақ, жиында көтерілген әрбір мәселеге мамандармен бірге жан-жақты жауап беріп, ұсыныстарды назарға алатындығын жеткізді.
Мұнан соң «Қаржы пирамадасы жобаларының жалпы белгілерін таныту-үйрету» және «Құмар ойын құрдымға апарады» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға офицері А.Алатаев хабарлама жасады.
«Интернет алаяқтық» тақырыбында Қызылорда облысы полиция Департаментінің кибер қылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Н.Ермаханов және «Заң аясында қаржылық сауаттылық: әр азамат білуге тиіс» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Орынбеков баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушылар назарына интернет алаяқтық, қаржы пирамидалары, міндетті әлеуметтік сақтандыру, құмар ойындардың зияны туралы арнайы бейероликтер көрсетіліп, үнпарақтар таратылды. Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, сала мамандарының кеңесіне құлақ түрді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 тамыз 2025 ж. 52 0