Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕК ЖАНЖАЛДАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ЕҢБЕК ЖАНЖАЛДАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен 2025 жылдың 10 маусым күні өткен мәжілісте «Қауіпсіз еңбек жағдайларын және еңбек саласын цифрландыру жөніндегі шаралар туралы» мәселесі қаралып, тиісінше мүдделі мекемелер мен аудан әкімдіктеріне қажетті шаралар қабылдап, «Еңбек тәуекелдерінің картасына» енген кәсіпорындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
Осы бағытта аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасындағы еңбек жанжалдарының алдын алу бағытында арнайы семинар өтті.

Семинарға тиісті мекемелер мен кәсіпорын басшылары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері қатысты. Сонымен қатар арнайы келген мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Жұмағұлов және осы департменттің бас маманы Б.Жұманов қатысты.

Жиында Еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар мен білім беру ұйымдарындағы еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік еңбек иснпекторы Б.Жұманов хабарлама жасады.

Мұнан соң «Еңбек тәуекелдер картасы бойынша әлеуметтiк аударымдар және басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлемеген төлеушілермен жұмыс туралы» аудандық кірістер басқармасының басшысы Е.Әбдікеров және Еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру туралы хабарлама жасау үшін сөз аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Тажибаев баяндама жасады.

Аталған мәселе бойынша семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
17 маусым 2025 ж. 51 0