МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арнайы құқықтық пәндер кафедрасының лаборанты ретінде бастаған.
2007-2018 жылдары Арал аудандық жер қатынастары, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімдерінің басшысы, Арал ауданы әкімі аппаратында түрлі жауапты лауазымдарда қызмет еткен.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған департамент басшысына сәттілік тіледі.
«Бектемір Ұлыбекұлы жинақтаған мол тәжірбиесін күрделі де жауапты қызметке арнап, өңірдегі орын алған еңбек қатынастарындағы дауларды орнықты түрде шешуге, жұмысшылардың құқығы мен ұжымдық тұрақтылықтың сақталуына, ұйымдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Жаңадан тағайындалған әріптестерімізді құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі