Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы тағайындалды

Арал ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы тағайындалды

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ə. Бекішев қатысып, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 15 бұйрығымен Арал ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы лауазымына жаңадан тағайындалған Е. Әбдікәровті таныстырды.
Еркебұлан Өмірсерікұлы – 1987 жылы 11 мамырда Арал ауданы, Жаңақұрылыс елді мекенінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2007 жылы Қызылорда гуманитарлық заң колледжін «Салық ісі» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008-2010 жылдары Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.
2010-2012 жылдары Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі, бас маманы;
2012-2013 жылдары Арал ауданы бойынша Салық басқармасының тексеру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;
2013-2015 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы;
2015-2016 жылдары Арал ауданы әкімінің көмекшісі;
2016-2019 жылдары Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының №1, №2 аудит бөлімдерінің бас маманы және Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы;
2019-2022 жылдары Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2022 жылдың шілдесінен бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
02 маусым 2023 ж. 553 0