Қостанайда жаңа туған сәбидің денесі табылды

«Баланың анасы арбада отырады. Жүкті әйелдер тізімінде болмаған. Аула аралап тексеру кезінде ол жүктілігін айтпаған. Сәбидің денесі табылған соң анасы анықталып, ол тиісті емдеу шараларынан өтті»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер сәби 2019 жылғы 28 наурызда көз жұмғанын растап отыр. Қазір осы факт бойынша соталды тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.
jasqazaq.kz