Аймақтағы әлеуметтік нысанның барлығы жылу беру маусымына толық дайын

- Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 13,5 млрд теңге қаржы жоспарланған. Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың Боно энерджи маркалы үш бу қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1 дана қазандық орнатылды, қалған 2 қазандық осы аптада нысан басына жеткізілетін болады. Бұл жұмыстар 10 қазанға дейін толық аяқталады. Облыс бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 42 пайызды құрайды. Биыл 8,7 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға қаражат бөлінді. Сондай-ақ, электр энергиясымен қамту желілерін жаңғыртуға 5,9 млрд теңге бөлініп, ол қаржыға 280 шақырым жлектр желілері мен 87 дана қосалқы станция жаңғыртылып жатыр,- деді Медет Усаин.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі