Бақылау және қадағалау органдары бизнес алдында есеп берді

Шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты күшейту, заң бұзушылықтардың алдын алу және бизнестің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесуге құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысты.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, төтенше жағдай департаменті, еңбек инспекциясы және кәсіпкерлер палатасы 2025 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындыларын таныстырды.
Талқылау барысында бизнес өкілдері өзекті мәселелерді көтерді: құрылыс нысандарын заңдастыру, онлайн салық тексерулері, санитарлық талаптар, жекеменшік білім беру ұйымдарын қаржыландыру және өндіріс аймағындағы экологиялық проблемалар.
Жиын соңында Ардақ Темірханұлы әрбір кәсіпкердің мәселесі жеке қаралатынын және тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.