Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

Облыс әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды

Халықаралық Қарттар күніне орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, ондағы ардагерлердің жағдайын білді.

Кездесуде қызмет алушылар қатарындағы тыл ардагері Е.Исабаевпен, ақын, сазгер, «Мәдениет майталманы» төсбелгісінің иегері К. Маханбетовамен пікірлесті.
Мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік шарада Данияр Еренғалиұлы қарияларды құттықтап, игі тілегін білдірді.
Бүгінде орталықта 150-ге жуық ардагер және мүгедектігі бар азаматтар қызмет алады. Заман талабына сай жабдықталған ғимаратта қызмет алушыларға ерекше көңіл бөлінген. Облыс әкімінің қолдауымен орталықты күтіп ұстауға биыл 834,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

Ардагерлерді әлеуметтік қолдау алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Өңірлік коммуникациялар қызметі 

02 қазан 2025 ж. 67 0