Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысына келеді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысына келеді

Kyzylorda-news.kz 20 қазан- 3 қараша аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қызылорда облысының ауылдарына келеді.

Сексеуіл (Арал ауданы) 20.10.2025 ж. – 21.10.2025 ж.

Аралқұм (Арал ауданы) 22.10.2025 ж. – 23.10.2025 ж.

Бекбауыл (Арал ауданы) 24.10.2025 ж. – 25.10.2025 ж.

Қызылтам (Қармақшы ауданы) 26.10.2025 ж

Сұлутөбе (Шиелі ауданы) 27.10.2025 ж. – 28.10.2025 ж.

Бәйгеқұм (Шиелі ауданы) 29.10.2025 ж. – 30.10.2025 ж.

рзд. Екпінді (Жаңақорған ауданы) 31.10.2025 ж. – 01.11.2025 ж.

Бесарық (Жаңақорған ауданы) 02.11.2025 ж. – 03.11.2025 ж.

Қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Барлық медициналық қызметтер ТЕГІН көрсетіледі. Қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек (КТМК) шеңберінде жүргізіледі.

Пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, бұл түрлі тексерулер мен ем-шараларды орындауға мүмкіндік береді.

Қабылдау жүргізетін мамандар:

• терапевт,

• хирург,

• травматолог (ересектер және балалар),

• педиатр,

• психолог,

• невропатолог (ересектер және балалар),

• УЗИ маманы,

• рентгенолог,

• кардиолог,

• стоматолог (ересектер және балалар),

• офтальмолог (ересектер және балалар),

• оториноларинголог (ересектер және балалар),

• гинеколог

Диагностикалық қызметтер:

электрокардиография (ЭКГ)

рентген, маммография, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), зертханалық талдаулар (жалпы кан анализы, жалпы зар анализы, қанның биохимиялық талдауы)

Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар жасалып, жоспарлы емдеуге жолдамалар беріледі.

Үйден шыға алмайтын тұрғындарға арналған мобильді бригада жұмыс істейді.
20 қазан 2025 ж. 90 0