Қазақстанның Ұлттық банкі 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік жаңа тиындарды айналымға шығарады. 26 сәуірден бастап 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік тиындар айналымға шығарылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 сәуірде тиындардың дизайнын мақұлдаған. «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ ҚР Конституциялық заңына сәйкес, елтаңбаға өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз латын графикасының негізіндегі әліпби пайдаланыла отырып QAZAQSTAN деп орындалды», - делінеді хабарламада.