Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңге монеталарындағы жазу өзгерді

Теңге монеталарындағы жазу өзгерді

ҚМонета теңге жазуаржы регуляторы ескі және жаңа үлгідегі айналыс монеталары заңды төлем құралы және барлық төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті екенін мәлімдейді.



Ұлттық банк дизайны өзгертілген, номинал құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге болатын 2019 жылғы үлгідегі монеталарды айналысқа шығарды. Монеталардың дизайнын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда мақұлдады.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2018 жылғы 29 маусымдағы №162-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес мемлекеттік тілдегі “ҚАЗАҚСТАН” деген сөз латын графикасының негізіндегі әліпбимен QAZAQSTAN деп жазылады.
QAZAQSTAN деген жазуы бар Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану туралы талап 2018 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Елтаңба – теңге монеталары дизайнының міндетті элементі, сондықтан Ұлттық банк 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген монеталарды айналысқа шығару туралы шешім қабылдады, олардағы жазу латын графикасы негізіндегі әліпбимен таңбаланды.
Айналыстағы монеталардың сырт жағында (реверсінде) QAZAQSTAN деген сөзі бар Елтаңба бейнеленген және шығарған елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазу бар. Айналыстағы монеталардың бет жағында (аверсінде) монеталарноминалының цифрлық бейнеленуі, ұлттық валютаның TEŃGE деген атауы мен шығарған банк атауының қысқартылған белгісі QUB (Qazaqstan Ulttyq Banki) бар мәтіндік жазу орналасқан.
2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген, номинал құны 100 теңге болатын айналыс монеталарының қырында (гуртында) JÚZ TEŃGE деген жазу бар.
Назар аударыңыз! Айналыстағы монеталардың техникалық және заттай өлшемдері: массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл құймасы өзгеріссіз сақталған. Төлем терминалдарын және басқа да кассаны қосымша қайта теңшеу талап етілмейді. Ескі және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар – заңды төлем құралы және барлық төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті! – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
baribar.kz


26 сәуір 2019 ж. 2 435 0