Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында домбырашылар сайысы өткізілді

“Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында домбырашылар сайысы өткізілді

Бүгін “AMANAT” партиясының “Ұлттық мұра” жобасы аясында “Жетес би” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ұлттық өнерді ұлықтауға арналған домбырашылар сайысы өтті.

Шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, жастарды ұлттық өнер мен мәдениетке баулу, ұлт рухын жаңғырту болып табылады.
Сайысқа қатысушылар өздерінің домбыра тарту шеберліктерін ортаға салды. Әр қатысушының орындауындағы күй мен әуен тыңдаушылардың көңілінен шығып, қазақтың төл аспабының үнімен рухани бай атмосфера қалыптасты.

Іс-шара барысында қатысушыларға “AMANAT” партиясының “Ұлттық мұра” жобасының мәні мен мақсаты таныстырылып, ұлттық өнерді насихаттау бағытында партияның атқарып жатқан игі істері сөз болды.

Жиын соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай мәдени шаралардың ұлттық рухты көтеріп, өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруға зор ықпал ететінін атап өтті.
“AMANAT” партиясы алдағы уақытта да “Ұлттық мұра” жобасы аясында ұлттық дәстүр мен өнерді дәріптеуге бағытталған түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларды жалғастыратын болады.
#АМАНАТ 
31 қазан 2025 ж. 166 0