Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Елімізде Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу жыл сайын өткізілетіні белгілі. Соңғы іріктеу нәтижесімен резервке тек 50 жас маман алынады. Жыл өткен сайын бұл іріктеуге үміткер жастардың саны артып келеді.
Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңдеріне қатысу үшін Қызылорда облысынан 420 үміткер өздерінің құжаттарын тапсырды. Алдыңғы іріктеулермен салыстырғанда биыл үміткерлердің саны айтарлықтай өскен. Бұл өңір жастарының аталған іріктеуге деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Жалпы республика бойынша 31 859 үміткер өз құжаттарын тапсырды.    
Құжат тапсырған үміткерлердің саны бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында төртінші орынға тұрақтады.
24 қазан 2025 жылы іріктеудің соңғы кезеңі - Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, үздік деп танылған 50 үміткер резервке алынды. Қуантарлық жағдай, Қызылорда облысынан ақтық кезеңге үш бірдей жас маман іріктелді. 
Соның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік Қоғамы Қызылорда облыстық филиалының несиелік талдау бөлімінің аға талдаушысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс елді мекенінің тумасы, жерлесіміз Жақсатова Жансая Аманкелдіқызы да бар.
Талантты әрі білімді жастардың қатарынан көрінген Жансая Аманкелдіқызын кадр резервіне қабылдануымен құттықтай отырып, алдағы атқарар маңызды лауазымдарына және ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз!
01 қараша 2025 ж. 247 0