Денедегі артық май қайдан пайда болады – ғалымдар басты себепті атады

Шаңның микроағзалары мен канцерогендеріне сараптама жасаған кезде ғимаратта кем дегенде 70 химиялық зат бөлінетіні анықталған. Олар май жасушаларының өсуіне әсер етеді.
Биологтар бұл заттар жасушалардың өсуіне жағдай жасап қана қоймай, зат алмасу процесін де бұзатынын дәлелдеді.
Ағзада жиналған мұндай жасушалар адамның тез аруына кедергі жасайды. Мамандар кеңседегі немесе үйдегі канцерогендер эндокриндік жүйе жұмысын бұзатынын айтады.
“Ұйқы безінен бөлек, бұл микробөлшектер мидағы рақат алу орталығына да әсер етеді. Сондықтан адам үнемі қарны ашқанын сезіп, шамадан тыс тамақ жегісі келеді”, – дейді мамандар.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан
zhambylnews.kz