Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 19 қарашада еліміздің тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы, Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Риддер қалаларында және түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды.Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия).
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, бұл халық денсаулығына теріс ықпал етуі мүмкін.
Ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына синоптикалық жағдайдың негізгі элементтері – жел, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық тікелей әсер етеді.









