Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы Қазақстанда рекордтық астық жиналып, мектептер, тұрғын үйлер мен зауыттар салынды

2025 жылы Қазақстанда рекордтық астық жиналып, мектептер, тұрғын үйлер мен зауыттар салынды

Коллаж: Kazinform/ Canva
Қазақстан Үкіметі 2025 жылдың қорытындысын нақты сандармен түйіндеді. Ел бойынша жаңа үйлер, мектептер, зауыттар салынып, ауыл шаруашылығында рекордтық өнім жиналды.
2025 жылдың 11 айында 16,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 19,1 млн шаршы метрге жетеді деген үміт бар. Мыңдаған отбасы жаңа пәтер мен үйге қоныстанды. Құрылыс қарқыны елдің барлық өңірінде артып келеді.
Қазақстанда 219 медициналық нысан салынды
Медицина халыққа жақындай түсті. Елдің көптеген ауылында жаңа медициналық пункттер ашылды. Дәрігер тапшылығы 19 пайызға қысқарды.
130 жаңа мектеп есігін айқара ашты
220 мың оқушыға арналған жаңа орындар құрылып, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы толық жойылды. Қалада да, ауылда да балаларға қолайлы оқу жағдайы жасалған.
Зейнетақы мен жәрдемақыға 5,9 трлн теңге бөлінді
4,6 млн қазақстандықты мемлекет қолдап отыр. Әлеуметтік қолдау – бюджеттің басты басымдығы. 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағы 10 пайызға өседі.
33 жаңа зауыт іске қосылып, 150 кәсіпорын жаңғыртылды
«Қазақстанда жасалған» деген жазу енді тұрмыстық техника мен автокөліктерде де пайда болды. Теледидар мен кір жуғыш машиналар өндірісі жолға қойылып, автокөлік зауыттары салынп жатыр.
27,1 млн тонна астық жиналды
Аграрлық сала екінші жыл қатарынан рекордтық өнім берді. Ел толықтай азық-түлікпен қамтылып, экспорт көлемі артуда.
13 мың шақырым жол салынды және жөнделді
Қалалар арасындағы қатынас жылдам әрі қауіпсіз бола түсті. Жүк тасымалы көлемі 9,6 пайызға өсті.
Халықтың 90 пайызы интернетпен қамтылды
Қазақстан Орталық Азияда алғаш болып «Starlink» спутниктік интернетіне қол жеткізген ел атанды.
Бір жылда 335,6 млн ағаш отырғызылды
2021 жылдан бері барлығы 1 млрд 470 млн көшет егілді. Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел жасыл желекке оранып келеді. Бұл – бүгінгі және келер ұрпақ үшін таза ауаның кепілі.
Экономика өсімі – 6,4 пайыз
Қуатты экономика – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің кепілі. Бұл жалақы, зейнетақы төлеуге, жаңа мектептер салуға, жаһандық нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, мүмкіндік береді.
Осыған дейін Kazinform агенттігі 2025 жылды қорытындылап, жаңа жоба – әлемге ең көп әсер еткен тұлғалар мен оқиғалардың рейтингін түзді.
28 желтоқсан 2025 ж. 181 0