Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы Мәжіліс депутатымен кездесті

Аймақ басшысы Мәжіліс депутатымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Исамен кездесті. Кездесуде ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету, әлеуметтік салада атқарылған істер мен алдағы міндеттер талқыланды.
«Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында» стратегиялық мақсаттар белгіленген. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне шаруашылықты өркендетуге берілетін субсидияларды, басқа да қаржылай қолдауларды тиімді әрі мақсатты пайдалануды тапсырды. Біздің басты міндетіміз – ауыл халқының табысын, өмір сүру сапасын арттыру. Біздің аймақ тұрғындарының 53 пайызы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында арнайы әдістеме бекітілгені белгілі. Ол бойынша 59 тірек, 43 спутник елді мекен бар. 2022-2024 жылдары 78 ауылда 31 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржыға 343 әлеуметтік, инженерлік- инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды», – деді аймақ басшысы.
Кездесуде Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының алдағы кезеңге арналған жоспарына тоқталды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бастамалар, атқарылған жұмыстар туралы ой-пікірін бөлісті.
Айта кетейік, өңірде 7 саяси партияның филиалы жұмыс істейді. Филиалдарда 81 мыңнан астам азамат тіркелген.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
11 қаңтар 2026 ж. 93 0