Сыр өңірінде құрылтай өткізіледі
Құрылтайдың киелі Сыр өңірінде, Қызылорда қаласында өтетіні туралы жаңалық — өңір жұртшылығы үшін айрықша мәнге ие тарихи оқиға. Бұл — тек бір аймақтың ғана емес, тұтас елдің қоғамдық-саяси және рухани өміріндегі маңызды кезең.Сыр өңірі — қазақ халқының тарихы мен руханиятының алтын қазығы, ел бірлігі мен ұлттық сананың қалыптасуына зор үлес қосқан қасиетті мекен. Осындай тағдырлы әрі тағылымды жиынның дәл осы өңірде ұйымдастырылуы — Сыр жұртшылығына көрсетілген үлкен сенім мен құрметтің айғағы.
Құрылтай аясында айтылатын маңызды ойлар мен көтерілетін бастамалар ел дамуына серпін беріп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталатынына сенім мол. Бұл басқосу ұлттық мүддені ұлықтап, ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуға үндейді.
Тарих пен тағылым тоғысқан Сыр топырағында өтетін Құрылтай құтты болсын! Бұл — өңіріміз үшін ғана емес, барша қазақ елі үшін мәні зор, мерейлі сәт.
Арал жастар орталығы фейсбік парақшасынан










