Коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысы қатаң бақылауда
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық сала жұмысының тиімділігі мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы талқыланды. Күн тәртібінде өңірдегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де қамтылды.Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстарды жедел қарауды, туындаған түйткілдерді уақытылы шешуді тапсырды. Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
“Коммуналдық қызмет сапасы халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан су, жарық, жылу және газбен қамтуда іркілістер болмауы тиіс”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қатынасын реттеуді және электр желілерінде орын алуы ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алуды тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Облыс әкімдігі









