Президент Қызылордада еліміздің келешек даму бағдары туралы ойларын ортаға салады
Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM— Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы — Ұлытауда;
2023 жылы — Түркістанда;
2024 жылы — Атырауда;
2025 жылы — Бурабайда өтті.
Осыдан бұрын бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секцияларының отырысы басталатынын жазған едік.
Сонымен қатар бұған дейін Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданғанына шолу жасадық.
aqmeshit-aptalygy.kz










