Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 наурызда елімізде Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

14 наурызда елімізде Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, жиында мемлекет басшысы сөз сөйлейді.

“Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады”, – делінген хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытауда, Түркістанда және Атырауда өткен болатын.

Фото: Ақорда

13 наурыз 2025 ж. 102 0