Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылтай қонақтарын қызықтырған нысандар

Құрылтай қонақтарын қызықтырған нысандар

Қызылордаға келген Ұлттық құрылтай мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қаладағы мәдени-әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен «Сыр жұлдызда­ры» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-ин­но­вациялық академиясына барды. Академияда бір мезетте 500, тәу­лігіне 3 мыңға дейін оқушы бас­сейнде, топтық жаттығу бөл­мелерінде, көркем гимнастика және фитнес залдарында жаттыға алады. Үстел ойындары, жекпе-жек залдары, кескіндеме, сурет салу, resin art бөлмелері, шығар­машылық шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер сыныптары ба­лалардың бейіміне қарай қызмет көрсетеді.

Мұнан кейін қонақтар Сыр­дария өзенінің сол жағала­уын­дағы заманауи тарихи-өлке­та­ну музейін аралады. Жаңа ғима­­ратта 12 экспозициялық зал бар. Музей қорында 70 мың­ға жуық тарихи экспонат сақтал­­ған. Құнды экспонаттар қата­рына архео­логиялық қазба жұмыс­тары­ның ғылыми негіздемесіне сүйеніп жасалған алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ хан­ша­йымы», алтын қылышты «Тү­­гіс­кен көсемі» және «Жеті­асар ақсүйек әйелі» тарихи ре­конст­рук­циялары қойылған. Жә­­­дігерлер ғылыми айналымға ен­гі­зілген. Экспозициялық зал­дардың құрылымына, жабдық­талуы мен безендірілуіне жасан­ды интеллект элементтері қол­­да­нылған.

syrboyi.kz
20 қаңтар 2026 ж. 39 0