Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Ұлттық басылым күніне орай мерекелік құттықтауы

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Ұлттық басылым күніне орай мерекелік құттықтауы

Құрметті баспасөз саласының қызметкерлері!
Сіздерді ұлттық Басылым күнімен құттықтаймын!
Осыдан 113 жыл бұрын, Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды ұлт зиялылары «Қазақ» газетін жарыққа шығарған. Басылым Алаш жұртының санасына серпіліс әкелді. Содан беріде жарық көрген қазақ басылымдарының бәсі басқалардан бір кем болған емес.
Мемлекет басшысының жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында: «Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр», - деуі бүгінгі басылымдарға берілген лайықты баға деп есептеймін.
Маңызды бастамаларды елге жеткізіп, жалпы адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды дәріптеуде баспасөз қызметкерлері кәсіби біліктіліктің, отаншылдық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді.
Құрметті баспасыз қызметкерлері!
Баспасөз – қоғамның айнасы, халық пен биліктің арасын жалғаған алтын көпір. Елдік мүддені биік қойып, шынайы ақпарат тарату жолында аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.
Сіздерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, тың идеялар мен қаламдарыңызға қуат тілеймін!
02 ақпан 2026 ж. 147 0