Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа инвестициялық меморандумға қол қойылды

Жаңа инвестициялық меморандумға қол қойылды

Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары өтті. Форумға Қазастаннан 143 өкіл, Пәкістаннан 180 компания қатысты. Осы форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі Пәкістандық Norson Chemical (Homex) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында лак-бояу өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жобаны іске асыру жоспарланған.

Бұл жоба Қызылорда облысында өндірісті локализациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған серіктестік Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, Қызылорда облысы экономикасын әртараптандыруға серпін береді.

Форумға Қызылорда облысы әкімдігі атынан қатысқан «Байқоңыр» ӘКК төрағасының бірінші орынбасары Досхан Иманбеков, Almoiz Industries Limited, NRSP, RDX Sports сияқты Пәкістандық компаниялардың өкілдерімен кездесулер өткізді.
07 ақпан 2026 ж. 74 0