Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары марапатталды
Республикалық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастырып, оның сәтті өтуіне елеулі үлес қосқан облыстық қоғамдық даму басқармасының бірқатар қызметкерлері мен оған қарасты орталық мамандары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат елдік маңызы бар саяси науқанда жауапкершілік танытып, кәсіби біліктілігін көрсеткен мамандар еңбегінің еленгені.Марапатталғандар қатарында Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің бөлім басшылары Фариза Омарова мен Nesibeli Smagulova, сондай-ақ білікті мамандар Диас Серик пен Малика Тургантай бар. Олар ақпараттық сүйемелдеуді жоғары деңгейде ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізуге белсенді атсалысты.
Салтанатты марапаттау рәсімінде басқарма басшысы Руслан Каюпов қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, олардың еңбегіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да ел мүддесі жолындағы жұмыстарға белсенділік танытуға шақырды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі








