Ауыл спортына – жаңа серпін
Арал ауданындағы Шижаға елді мекенінде бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылысы партия назарында. Аудандық мәслихаттың және партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы мен партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы нысан басына барып, құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайымен танысты.Аталған жоба – ауыл тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік нысандардың бірі. Спорт кешені жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Жобаның жалпы құны 434,7 млн теңгені құрайды. Оның ішінде құрылыс жұмыстарына, техникалық және авторлық қадағалауға қажетті қаражат толық қарастырылған. Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
Бүгінгі күні құрылыс алаңында ауқымды жұмыстар атқарылып, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасып, еденді құю және спорттық линолеум төсеуге дайындық жүргізілуде.
Жалпы, бұл жоба – ауыл инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Заманауи спорт кешенінің іске қосылуы Шижаға елді мекенінің тұрғындары үшін үлкен мүмкіндікке айналып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырады деп күтілуде.
#АМАНАТ












