Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында үйлерді тонап келген қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында үйлерді тонап келген қылмыстық топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері ұзақ уақыттан бері бөгденің мүлкін қолды етіп келген қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы өңірдің ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық топ Жамбыл ауданының үш азаматынан құралған. Олардың 40 үй мен пәтерді тонауға қатысы бар екені анықталды.

Күдіктілер Ұзынағаш ауылында ұсталған. Жедел іс-қимыл қызметкерлері үш мекенжай бойынша әрекет еткен. Нәтижесінде үш күдікті де үйді тонау барысында ұсталған. Күдіктілердің біреуі бұған дейін істі болғаны анықталды.

Ұрланған мүліктер қылмыстық тергеу материалдарына енгізілді. Ал күдіктілер Жамбыл аудандық полицияның уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық топ 2019 жылдың басыннан бері Ұзынағаш ауылында және аудан орталығына жақын Қайназар, Ақсеңгір, Фабричный ауылдарында ұрлық жасаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 10 миллион теңгеге бағалануда.
https://baq.kz

11 мамыр 2019 ж. 808 0