Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңіл атлетикадан эстафеталық жарыс өткізілді

Жеңіл атлетикадан эстафеталық жарыс өткізілді

Бүгін Жеңістің 81 жылдығына орай Арал қаласында Кеңес Одағының Батыры Ерденбек Ниетқалиевті еске алуға арналған дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафеталық жарыс өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту болып табылады.

Салтанатты ашылу рәсімінде Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова және Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Т.Әлжанов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған жарыс 8-9 сынып оқушылары, 10-11 сынып оқушылары және мекеме-кәсіпорын қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.

Жарыс бағдарламасына сәйкес:

8-9 сынып оқушылары арасында 10 кезеңнен тұратын эстафеталық жарыс;
10-11 сынып оқушылары және мекеме-кәсіпорын қызметкерлері арасында 14 кезеңнен тұратын эстафеталық жарыс өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

8-9 сынып оқушылары арасында:
І орын – №14 мектеп-лицейі
ІІ орын – №64 орта мектебі ІІІ орын – №262 мектеп-гимназиясы

10-11 сынып оқушылары арасында:
І орын – №14 мектеп-лицейі
IІ орын – №220 орта мектебі
ІІІ орын – №62 мектеп-лицейі

Мекеме-кәсіпорын қызметкерлері арасында:
І орын – №83 орта мектеп
ІІ орын – Арал көпсалалы колледжі
IІІ орын – Арал индустриалды-техникалық колледжі

Жарыс қорытындысымен жеңімпаз және жүлдегер командалар Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен және спорт кубоктарымен марапатталды.

"Толқын" ақпарат

09 мамыр 2026 ж. 41 0