Хроникадан болашаққа: Қазақстанда Президент телерадиокешенінің кинолекторийі бастау алады
Фото: Қазақстанда Президент телерадиокешені2026 жылғы 21 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай республикалық кинолекторий өз жұмысын бастайды.
Президент Телерадиокешенінің 30-дан астам авторлық деректі фильмдерінің көрсетілімі еліміздің 20 қаласында өтеді. Ауқымды ағартушылық жоба барлық облыс орталықтарын қамтып, 25 қыркүйекте Алматы қаласында қорытындыланады.
Кинолекторий көрермендерді Президент Телерадиокешенінің деректі кино орталығының негізгі жобаларымен таныстыруды мақсат етеді. Бұл орталық – Телерадиокешеннің жеке продакшн базасы болып табылады. Фильмдер Мемлекет басшысының қызметі, Қазақстанның заманауи тарихы және өңірлердің дамуы туралы баяндайды.
Көрсетілімдер өңірлік кинотеатрлар алаңдарында ұйымдастырылады, бұл жергілікті тұрғындардың сапалы деректі контентке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кинолекторий облыс әкімдіктерімен серіктестікте жүзеге асырылады. Фильм көрсетілімдеріне кіру кең аудитория үшін тегін болады. Кинолекторийдің бағдарламасы мен көрсетілім кестесі Президент Телерадиокешенінің ресми ресурстарында жарияланып отырады.









