Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы!

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы!

Құрметті ағайын, қадірлі жерлестер!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрбан айт тек діни мереке ғана емес, халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрімен сабақтасқан, ынтымақ пен берекенің, кешірім мен кеңпейілділіктің мерекесі. Бұл күндері халқымыз татулық пен бауырмалдықты ту етіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, адамгершілік қасиеттерді айрықша насихаттайды. Әрбір жасалған игі іс пен ақ ниет, берілген садақа мен көрсетілген қамқорлық қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың нығаюына өз үлесін қосады.
Бүгінгі күнгі басты мақсатымыз асыл дініміз қастерлеген жарасымдылық пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Өзара сыйластықта бейбіт өмір сүрер болсақ, ырыс-несібеміз де молая түспек.
Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатының артуы ел ішіндегі ауызбіршілік пен өзара сыйластықтың нәтижесі.
Қадірлі ағайын!
Осынау қасиетті мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және молшылық тілеймін! Әр шаңырақтан шаттық пен күлкі кетпесін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Құрбандықтарыңыз қабыл болып, тілеген дұға-ниеттеріңіз орындалсын!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
27 мамыр 2026 ж. 35 0