Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер, қадірлі жамағат!
Сіздерді мұсылман әлеміндегі ең қасиетті мейрамның бірі – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрамды барша мұсылман қауымы асыға күтіп, ізгілікті амалдар жасауға тырысады. Өйткені осы күндері құрбандық шалып, ағайын-туысқа, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы болмақ. Халқымыз бұл мейрамды сан ғасырдан бері ерекше қадірлеген.
Ал көрші мен туысқанға айттап бару, қадірлі қонаққа айттық беріп, үлкеннің алғысы мен батасын алу – сонау заманнан жалғасып келе жатқан мұсылмандық дәстүріміз.
Бұл күндері жағдайы бар әрі жолаушы емес азаматқа құрбандық шалумұсылмандық міндет саналады.
Бүгінгі күнгі басты мақсатымыз да асыл дініміз үндейтіндей жарасымдылық пен ынтымақтастықты қалыптастыру. Өзара сыйластық та бейбіт өмір сүрер болсақ, ырыс-несібеміз де молая түспек. ардақты ағайын! 
Ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, айттық берілетін ортақ мейрам баршаңыздың отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін!
Еліміздің бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын мейрамда тілеген дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. 
Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен игі ниеттеріңіз қабыл болғай! Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі С.СЕРМАҒАМБЕТОВ
09 шілде 2022 ж. 826 0