Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Рамазан айымен құттықтады

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Рамазан айымен құттықтады

Құттықтау
Қадірлі ағайын!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті – Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – әлемдегі барша мұсылмандардың бірдей құлшылық жасап, ниеттерін бір арнаға тоғыстыратын берекелі ай. Бұл айда мұсылман қауымы өзін күндіз ас-судан тыйып, сабыр мен төзімге тәрбиелеумен бірге, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің, қайырымдылық пен мейірімнің, ізгілік пен ілтипаттың үлгісін көрсетеді. Рухани кемелденіп, жан-дүниесі тазарады. Содан болса керек, халқымыз Рамазан айын ежелден ерекше қастерлеп, «Он екі айдың сұлтаны» деп қадірлеген.
Ораза – адамзат баласын сабырлыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті парыздың бірі. Осы орайда ынтымағы мен бірлігі жарасқан аралдықтар Рамазан айын лайықты қарсы алып, құрметпен өткізеді деген сенімдемін. Отыз күн оразада мұқтаж жандарды қолдап, қасиетті айда қадір-қасиетімізді арттыра түсуге ұмтылуымыз керек!
Құрметті жамағат! Сіздерге осы қасиетті айда береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ және зор денсаулық тілеймін! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз, қайырымдылық шараларыңыз сауаптан жазылсын. Бейбітшілігіміз бен берекелі өміріміз ұзағынан болып, есендік пен саулық такелесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
02 сәуір 2022 ж. 1 642 0