Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Қадірлі жамағат!

Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт - ағайын арасын жақындастырып, елдің береке-бірлігін бекемдеп, халықты қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мереке. Бұл қасиетті күндер имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімділікті дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Осынау айтулы күндерде ізгі ниет пен игілікті амалдар көрініс тауып, әрбір адам игі істер жасауға, жақындарға қамқорлық көрсетуге, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Өткен жылдан бері мемлекетімізде белең алған індеттің алдын алу, қаупін сейілту үшін бірқатар шектеулер енгізілді. Бұл жағдайға түсіністікпен қарап, мейрамды жақын – жуықтарымен бірге отбасында өткізіп жатқан тұрғындарға алғысымды білдіремін.

Қазір еліміздің барлық аймағында қашықтан құрбан шалу жобасы жүзеге асырылуда. Арнайы ашылған сайт (qurban2021.kz) арқылы кез келген тұрғын үйде отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға тапсырыс бере алады.

Қадірлі ағайын!

Құрбан айт мейрамының қоғамда рухани құндылықтарды арттырып, ынтымақ-бірлігімізді нығайтуға тигізетін септігі мол.

Қасиетті мейрамдағы шынайы ниеттеріңіз, ізгі амалдарыңыз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Арал ауданының əкімі С. СЕРМАҒАМБЕТОВ

20 шілде 2021 ж. 430 0