Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер, Ардақты ағайын!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті де ұлық мереке - Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!
Ұлттық руханиятымыз бен салт-дәстүріміздің өзегіне айналған бұл күн әрқашан халқымызды қанағат пен рақымға, қайырымдылық пен жанашырлыққа, адамгершілік пен ізгілікке үндейді.
Құрбан айт - ағайынның ауызбіршілігін арттырып, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып,барша адамды қанағат пен тәубеге шақырады.
Бұл мерекеде тек құрбандық шалумен шектелмей,мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық жасау әрбір азаматтың парызы болмақ. Бірлігімізді бекемдеп, тұтастығымызды нығайтатын мерекеде шалған құрбандықтарыңыз, қасиетті күндерде жасаған ізгі амалдарыңыз бен игі ниеттеріңіз қабыл болсын!
Әр отбасына амандық, мол ырыс, береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі: Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
15 маусым 2024 ж. 310 0