Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Ардақты ағайын!
Құрметті жерлестер!
Барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.
Құрбандық шалу – шүкіршіліктің бір көрінісі. Өйткені, осы күндері құрбандық шалып, ағайын-туысқа, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық пен қамқорлық жасау баршамыздың басты парызымыз.
Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, қазан асылатын, мерекелік дастархан жайылып, ағайын-туысқа айттық беретін Құрбан айт мейрамы отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін.
Қадірлі жамағат!
Еліміздің бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын мейрамда тілеген дұға-тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.
Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!
Құрбан айт құтты болсын!
Ізгі тілекпен Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов
28 маусым 2023 ж. 187 0