Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – асыл дініміздің ізгілігі ұлықталатын, адамзат баласын мейірім мен қайырымдылыққа, бауырмалдық пен татулыққа үндейтін ерекше мейрам.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деген болатын.
Бүгінде Сыр өңірінде ұрпақтар сабақтастығына негізделген игі бастамалар жалғасын тауып келеді. Айт күндері ата-баба дәстүрінің ізімен мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасауға,жанашырлық танытуға ерекше мән беріледі.
Құрбан айтта шалған құрбандықтарыңыз, ниет-амалдарыңыз қабыл болсын! Ұлық мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақыт, құт-береке тілеймін.
Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

27 мамыр 2026 ж. 39 0