Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысының Құрбан Айт мерекесімен құттықтауы

Аймақ басшысының Құрбан Айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Қадірлі мұсылман қауым!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, қайырымды істердің қанат жаятын, жұртшылықты қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар тек құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен айналасына жылулық, мейірім сыйлауға ұмтылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады», – деп атап өтті.
Тұрақтылықты ту, береке-бірлікті тұмар еткен Сыр жұрты имандылыққа үндейтін айтулы мерекеде сауапты істер атқарып, жақындарына жанашырлық танытып, ынтымақтың жоғары үлгісін көрсетеді деп санаймын.
Сауабы мол қасиетті күнде шалған құрбандық пен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр отбасына амандық, мол ырыс, береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін!
Ел іргесі берік, аспанымыз ашық болсын!

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ
16 маусым 2024 ж. 285 0